Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестиция 980 млрд теңгеден асқан
2023 жылы
агроөнеркәсіп кешеніне салынған
инвестиция 980 млрд теңгеден асқан. Бұл 2022 жылғы көрсеткшпен
салыстырғанда 15% артық. Бұндай деректерді finprom.kz порталының сарапшылары
келтіріп отыр. Өңірлер бойынша статистиканы қарастырар болсақ, осы салаға
тартылған қаржының жартысынан көбі 4 облысқа салынған. Олар, Түркістан,
Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қаржының негізгі көзі
ретінде кәсіпорындар басшыларының өз қаражаттары келтірілген. Ол – 711 млрд
теңге. Қалғаны – банктердің берген несиелері, жергілікті бюджеттер мен банктен
тыс қарызға берілген қаражат. Айта кетсек, тартылған инвестицияның барлығы
дерлік мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына жұмсалды. Сонымен қатар осы
салаларда қызмет көрсету секторы да назардан тыс қалмаған.

