Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті
Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Президент былтыр атқарылған жұмыстың есебін тыңдады. Қордаланған мәселелер талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Мақсат - азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Сонымен, Мемлекет басшысы белгілеп берген басты бағыттар: ірі инфрақұрылым жобалары, цифрландыру және жасанды интеллект, ядролық энергетиканы дамыту, агроөнеркәсіп кешенін нығайту және инвестиция тарту мәселелері. Үкімет алдағы жылдары осы шаруаларды шашауын шығармай, сапалы орындауы тиіс. Президент нақты нәтиже күтетінін қадап айтты.

