Шымкентке бір жылда жарты млн астам турист келген

Шымкентке бір жылда жарты млн астам турист келген

Шымкент Қазақстанды Орталық Азиямен байланыстыратын транс логистикалық және туристік әлеуеті аса жоғары қала. Сонымен бірге шаһардың Араб және түркі тілдес елдермен байланысы нығаюда. Жалпы қазір мегаполисте саяхаттап баруға болатын 150 астам нысан жұмыс істейді. Көне шаһарда өткеннен сыр шертетін 7 бірдей республикалық тарихи-мәдени нысан орналасқан. Бұл бағытта қаланың туристік сызбасы жасалған. Оның бірі Шымкенттің туристік брендіне айналған ежелгі «Цитадель». «Ескі қалашық» елдің туристік картасындағы үздік жүздікке енген. Жалпы былтыр қаланы тамашалап, рухани қанығу үшін әлемнің түпкір-түпкірінен және ел аумағынан 500 мыңнан астам саяхатшы келген.

Азамат Нұрымбетов, Шымкент қ. туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы:

- Туристік инфрақұрылым бойынша біз екі нысанды ең маңызды рольде қазір насихаттап отырмыз. Оның бірінші осы біздің тұрған ескі қаладағы цитадел жобасы. Екінші жобамыз қазіргі таңда ең басты стратегияның бірі болып саналады бізде басқарманың өзінде ең бірінші турстер оңтүстік өңіріне келме бұрын,Түркістанға бармас бұрын Қожа Ахмет Яссауидің ата анасы Ибрагим ата Қарашаш ана барып сәлем беру.

Шымкентке келген әрбір саяхатшы өткен тарихи жәдігерлерімен танысып қана қоймай ұлттық салт дәстүрлерден де хабардар болады. Осыны дәріптеп жүрген жүздеген қол өнер иелерін бір орталыққа шоғырландыру көзделген. Оған қоса туристерді қатты қызықтырған  Damdastour дипломатиялық корпус, өндірістік туризм мен блог турлар және Қазақстан лайв фест көрмесі биыл да өз жалғасын табады.