Орақ науқаны аяқталды
Елімізде 27 миллион тоннадан астам астық қамбаға құйылды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, егіс көлемі 900 мың гектарға қысқарса да, орылған бидай былтырғыдан 500 мың тоннаға көп. Бұршақты және майлы дақылдар бойынша да рекордтық өнім жиналған.

