Кипр Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

Кипр Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

Енді Кипр кәсіпкерлері Қазақстанның «Алтын виза» жүйесін пайдалана алады. Бұл шетелдік инвесторларға салықтық жеңілдіктер жасап, көші-қон мәселесін реттеуге мүмкіндік беретін жүйе. Бүгін Астанаға Кипр Президенті Никос Христодулидис ресми сапармен келіп, екі ел басшысы бірқатар осы сынды келісімдерді жасады. Қазір Қазақстанда Кипрға тиесілі 400-ден астам компания жұмыс істеп жатыр.¤