Пилотсыз такси іске қосылады
Eкі жылдан соң
елімізде пилотсыз жүк көліктері жүйткитін болады. Ұшатын аэротакси де іске
қосылады. Көлік министрлігі сол үшін арнайы заң әзірлеп жатыр. Келесі жылы
Парламентке кіргізеді. Сол арқылы инфрақұрылым реттеледі. Пилотсыз жүк
көліктерінің тізігінінде алғашқы кезде адам отырады. Бұл жолаушылардың
қауіпсіздігі үшін керек. Пилотсыз такси жобасында қытай тәжірибесі қолданылады.
Нұрлан
Сауранбаев, ҚР Көлік министрі:
- Біз заман көшінен қалмауға, жаңа технологияларды
Қазақстан аумағында да қолдануға тырысамыз. Мысалы біз Қытайдың Шэньчжэнь
қаласында болдық. Оларда пилотсыз таксиге рұқсат етілген. Бірақ әзірше ішінде
жүргізуші бірге отырады. Бізде де дәл осылай біртіндеп алға жылжитын шығармыз.
Оның бәрі жолаушының қауіпсіздігі үшін жасалады.

