260 мың кәсіпкер жасырын бизнес жүргізген
Елімізде 260 мың кәсіпкер жасырын бизнес жүргізген. Олар карта және QR арқылы түскен табысын көрсетпей, күн сайын бір ғана чек тапсырып отырған. Осылайша, жалпы есеппен 1 триллион теңге салық төлеуден жалтарған. Мемлекеттік кірістер комитеті бұған дейінгі заңбұзышылықтарды да анықтады. Мәселен, 2023 жылы 82 мың адам көлеңкелі бизнеспен айналысқан. Олар да мемлекетке 1 триллион теңге қарыз. Бұл сомманы наурыздың соңына дейін төлеуі тиіс. Ал одан кейін де табысын жасыруды доғармаса, 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 200 мың теңге «айыппұл» салынады.

