Елімізде жаңа банкнота айналымға шықты

Елімізде жаңа банкнота айналымға шықты

Қазақстанда жаңа банкнота айналымға шықты. Алғашқы жаңа дизайнмен шыққан номинал – 5 мың теңге. Бұл Ұлттық валютаның «Сақ стилінде» жасалған осымен 5 сериясы. Ол дәстүрлі қазақ ою-өрнектерінің негізін қалаушы болып саналады әрі көшпенділер дәуірінен қазіргі Қазақстанға дейінгі халқымыздың дәстүрінен көрініс береді. Естеріңізге сала кетсек, 1993 жылдан бері елімізде айналымға 4 серия шықты. Олар – «Портреттер», «Әл-Фараби», «Бәйтерек», «Қазақ елі» мен «Самырұқ». Сарапшылардың айтуынша, теңге – әлемдегі ең жақсы қорғалған валюталардың қатарында. Жаңа ақша түрі де бұл үрдістен шет қалмаған.


Асхат Мұхамадиев, ҚР Ұлттыбқ Банкінің банкноталар мен монеталар сараптамасы басқармасының бастығы

– Біріншісі – алтын интаглио. ҚР Елтаңбасы алтын-металлдық бояумен және жоғары рельефті қабатпен салынған. Екіншіден, көру қабілеті нашар адамдар үшін арнайы белгі де бар. Банкнотаның беткі жағының шет тұстарында қолмен ұстағанда білінетін жоғары рельефті элементтер бар. Сонымен қатар, екі түсті қорғау қабаты да жасалған. Банкнотаны бұрған кезде өзара әрекеттесудің динамикалық пульсация эффекті көрінеді. Бұл дегеніміз, түстері қызық және сары түске алмасып отырады. Төртінші қорғау элементі – ол патч, яғни, бүркіттің үлкен суреті бар. Ал банкнотаны айналдырған кезде оның цифрлық бейнесі ою-өрнектерге ауысы, солярлық бейне ауысқанда шуағы екіге бөлінеді.