Білім беру саласындағы байланыс бекиді
Шетелдік жоғары оқу орындары «Астана хаб» халықаралық технопаркімен бірлесе жұмыс істеуге бейіл. Енді ғалымдар жасанды интеллектіні металлургия мен геология саласына енгізбек. Яғни, бұл шикізат пен жаңа материалдарды зерттеу процесін жеделдетуге жол ашады. Демек, әлем елдері Қазақстандағы цифрлық орталықтың әлеуетін жоғары бағалайды деген сөз. Брюссельдегі жиында тараптар ғылым мен технология саласында бірқатар келісімдерге қол қойды.

