Қазақстан Президентінің Телерадиокешені мен «Al Jazeera» меморандумға қол қойды

Қазақстан Президентінің Телерадиокешені мен «Al Jazeera» меморандумға қол қойды

Халықаралық «Әл-Жазира» телеарнасы мен Qatar News Agency ақпарат агенттігі Қазақстан Президентінің Телерадиокешенінің серіктестері атанды. Қасым-Жомарт Тоқаевтің Қатарға мемлекеттік сапары аясында медиакомпаниялар өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Яғни, енді әлемдік ақпарат кеңістігінде Қазақстан туралы мәліметтер көбейеді. Жалпы бірлескен жобалар білім беру және ақпараттық салаларда жүзеге асады. Әрі қазақстандық журналистерді әлемдік трендтерге сай даярлауға мүмкіндік береді.

Монтасер Марай, Al Jazeera Медиа институты директорының медиа жобалар жөніндегі орынбасары:

- Құжат алдымен өзара тәжірибе алмасуды көздейді. Біз үшін ОА мен соның ішінде Қазақстанмен серіктестік орнату маңызды. Ал жақын болашақта MNU халықаралық журналистика мектебінің алаңында цифрлық медиа бойынша оқыту курсын бастамақ ниеттеміз.