Өрт шығыны 275 млрд доллардан асты
Калифорниядағы
алапат өрттен келген шығын мөлшері 275 млрд доллардан асты. Ақпарат көздерінің
мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау 17 мың гектар аумақты жалмап үлгерген. 24 адам
қаза тапты. Онға жуық азаматтан ешқандай хабар жоқ. 12 мыңнан астам ғимарат
жанып кеткен. Өрт шалған аумақтың көп бөлігі сөндірілгенімен, соңғы күндері
қатты жел өртті ушықтырып жіберген. Алдағы уақытта дауыл күшеюі мүмкін деген
болжам бар. Оңтүстік Калифорнияны дүрбелеңге салған табиғи апат штат тарихындағы
ең үлкен өрт деп тіркеліп отыр. Естеріңізге сала кетейік, қызыл жалын 7
қаңтарда тұтанған. Өрттің тез таралуына құрғақшылық пен күшті жел себеп болған.

