Қазақстанда қымыз өндірісі артты

Қазақстанда бірінші жартыжылдықта бір миллион 200 мың тонна қымыз өндірілді. Бұл 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 56%-ке артық. Мамандардың айтуынша, бие сүтін өңдеу көлемінің ұлғаюы есебінен жыл сайын ұлттық сусын өндірісі де артып келеді. Сонымен қатар қайта өңдеудің оң үрдісі қазақтың тағы бір ұлттық сусыны шұбат өндірісінде байқалады. Мәселен, түйе сүтінен дайындалған өнім өндіру бірінші жартыжылдықта 1,5 мың тоннаны құрады. 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда өсім 13%-ке тең келді. Айта кетейік, Қазақстанда дайындалған қымыз, саумал, шұбат алыс-жақын шетелдерге жеткізіледі. Өнімдер негізінен Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Франция елдеріне экспортталады.