Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысады

Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысады

Қазақстан алдағы көктемнен бастап бірыңғай уақыт белдеуіне ауысады. Тиісті өзгертулер «Уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына енгізілді. Өзгертулерге сәйкес, еліміз бойынша 5-ші сағат белдеуі орнатылады. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні үш ірі мегаполис пен бірқатар өңірлер сағат тілдерін 1 сағатқа кейінге шегеріледі. Олардың қатарына Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай, Жетісу мен Ұлытау облыстары кіреді. Естеріңізге сала кетсек, жұмыс тобының құрамындағы қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар бірауыздан бүкіл ел аумағында бірыңғай уақыт белдеуін орнатуды ұсынған еді. Олардың айтуынша, бұл шара әр өңір тұрғындары арасындағы уақыт айырмашылығын жойып, көлік және өзге де коммуникацияны ыңғайлы етеді. Оның үстіне, кәсіп жүргізу, мемлекеттік органдар мен төтенше қызметтердің өзара жұмысын бір ізге түсіруге мүмкіндік береді