Президент Groupe ADP компаниясының бас директорымен кездесті
Париждің және 20 шақты елдің әуежайларын басқаратын Groupe ADP - енді Алматы әуе айлағын дамытпақ. Ұзақмерзімді жоспардың қалай орындалып жатқанын компанияның бас директоры Филипп Паскаль Қасым-Жомарт Тоқаевқа айтып берді. Алдағы жылдары жолаушылар ағынын 55 млн-ға жеткізу көзделген. Қазірдің өзінде жылына 14 миллион адамды қабылдайтын қауқары бар. Groupe ADP бас директоры мемлекет авиациялық инфрақұрылымның қызметіне арналған оңтайлы нормативтік-құқықтық база жасақтағанын айтты. Айта кетейік, Groupe ADP – әуежай инфрақұрылымын басқару саласы бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі.

