25-орында: Қазақстан электрондық үкіметі үздіктер қатарына кірді
Қазақстан электрондық үкімет бойынша әлемнің ең үздік 25 елінің қатарына кірді. Қазір мемлекеттік қызметтердің 90,4 пайызы онлайн форматта көрсетілсе, оның 95,9 пайызы смартфон арқылы жасалады. Міне, осы жүйе жоғары бағаланып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының зерттеуіне қарағанда, Қазақстанның электрондық үкіметті даму индексінде өте жоғары, әрі үнемі жоғарылап отырады деп көрсетілген. Биылдың өзінде біздің электрондық үкіметте азаматтарға 51,5 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліпті. Ал eGov AI интеллектуалды көмекшісі 2 млн-нан астам сұранысты өңдеп, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен байланыс орталықтарына түсетін жүктемені азайтқан. Бұған қоса, 39 цифрлық құжат қағаз нұсқасының толық баламасы ретінде қолданысқа енгізілген.

