Туристер толық бақылауда болады
Қазақстанда шетел азаматтарын жасанды интеллектінің көмегімен бақыламақ. Жаңа жоба туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов айтты. Алғашқы қадам халықаралық әуежайлар мен шекара бекеттеріннен басталады. Туристерге QR-коды бар «арнайы карта» беру көзделген. Сол арқылы шетелдік меймандар елімізде жайлы және қауіпсіз жүру үшін қажетті ақпарат пен қызмет туралы мәлімет ала алады. Бүгінде көші-қонды бақылаудың тиімділігін арттыру шеңберінде министрлік басым бағыттарды анықтап, тиісті шаралар қабылдап жатыр.

