Жылу желілерін жөндеуге 3,8 млрд теңге бөлінді

Жылу желілерін жөндеуге 3,8 млрд теңге бөлінді

Павлодар мен Екібастұздың жылу желілерін жөндеуге Үкіметтен 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Олжас Бектенов арнайы қаулыға қол қойды. Оның 3 млрды Екібастұздағы жылу тарату пунктінен 1 жарым шақырым жердегі елді мекенге жететін жылу магистральдарын жаңғыртуға жұмсалады. 802 млн теңгесі Павлодар қаласына бағытталады. Айта кетейік, былтыр Үкімет резервінен бөлінген қаражатқа 9 шақырым магистральдық жылумен жабдықтау желілері жөнделген еді. Екібастұз жылу электр орталығының қазандық агрегаттары да ауысып, су құбыры салынды.