Қызылордада шығармашылық орталықтың іргетасы қаланды
Қызылордада инновациялық-шығармашылық орталықтың іргетасы
қаланды. Онда ғылымға құштар жастар мен спортқа бейіл буын шеберлік шыңдайды.
Бұл
облыс орталығынан бой көтеріп жатқан көпфункционалды әмбебап кешен. Яғни,
атшаптырым аумаққа футбол, волейбол, баскетбол алаңдары мен бассейн салынбақ.
Сондай-ақ, мұнда оқушылардың білімін жетілдіріп, ғылыми жұмыстармен айналысуына
да жағдай жасалады. Жалпы, соңғы жылдары Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына
айналды. Биылдың өзінде облыс аумағында 187 жаңа нысанның құрылысы жүріп жатыр.

