Фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі заң мақұлданды

Фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі заң мақұлданды

Қазақстан мен Түркия фитосанитариялық қауіпсіздікті бірлесе нығайтады. Сенат тиісті заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес қос тарап бірін-бірі карантиндік зиянды организмдерді анықтау, олармен күресу және бақылау тәсілдері туралы өзара хабардар етуі керек. Сондай-ақ, сала мамандары құқықтық актілермен, өсімдіктерді қорғауға қатысты басқа да ережелермен алмасып отырады. Келісімді бекіту тараптар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтады. Әрі екі елдің ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыта түседі.