Қазақстандық әскери қызметшілер халықаралық оқу-жаттығуларға қатысады

Қазақстандық әскери қызметшілер биыл 35 шетелдік тактикалық оқу-жаттығуға қатысады, олардың алтауы республикада өтеді. Жалпы Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша елімізде 160-тан астам жедел және 70 мыңнан астам жауынгерлік даярлық шараларын өткізу жоспарланған. Әскери қызметшілер Қазақстандағы 33 жарысқа қатысып, 17 халықаралық тартысқа қатысады. Бейіндік ведомствода негізгі күш-жігер жауынгерлік даярлықтың сапасын, әскерлердегі моральдық-психологиялық ахуалды және барлық деңгейдегі басқару шешімдерінің тиімділігін арттыруға бағытталатынын атап өтті.

 

Махамбет Құлбаев, ҚР ҚК департаментінің аға офицері:

- Ең маңызды шаралардың бірі «Бірлік» халықаралық оқу-жаттығулары болып табылады. Оқу-жаттығуға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің контингенттері шақырылды. Оқу-жаттығудың осындай форматы алғаш рет өткізіледі. Оқу-жаттығуларда Тоқмақ мүйісі ауданы мен Каспий теңізінің акваториясы сияқты «Оймаша» полигонында  өтеді. Онда қарулы қақтығысты оқшаулау мәселелері тәжірибе жүзінде пысықталатын болады.