Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты өтеді
Астанада Central Asia FIRST Championship ресми чемпионаты өтеді. Ауқымды шара Қазақстанда алғаш рет ақпанның 23-25 аралығында ұйымдастырылады.
Дәстүрлі жарысқа биыл әлемнің 10 елінен үш мыңнан астам оқушы қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында Гонконг, БАӘ, Түркиядан келетін оқушылар бар. Қазақстанның намысын іріктеу чемпионаттары барысында жолдама ұтып алған 200 команда қорғамақ.
Ұйымдастырушылардың дерегіне сәйкес, мектеп оқушылары 6-10, 10-16 және 12-18 үш негізгі жас санаты бойынша бақ пен баптарын сынайды. Чемпионатта құлтемірлер ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиялары қамтылады.
Central Asia FIRST Championship жеңімпаздарының халықаралық жарыстарға қатысуға жолдама және қазақстандық әрі шетелдік ЖОО гранттар алуға мүмкіндіктері болады.

