Париж-2024: Боксшылардың кестесі белгілі болды
Санаулы күндерден соң Париждегі олимпиаданың алауы
тұтанады. Яғни, 4 күннен соң әлем назары Францияға ауып, жанкүйерлер тақым қыса
бастайды. Күні кеше Франция астанасына ұшып барған Қазақстан боксшыларының
Париж Олимпиадасындағы жарыс кестесі белгілі болды. Бірінші болып, 27-ші шілде
күні Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жекпе-жек өткізеді. Ол 63 жарым салмақ дәрежесі
бойынша сынға түседі. Жарыстың келесі күні
Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Назым Қызайбай және Айбек Оралбай
шаршы алаңға шығады. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы сыннан сүрінбей өтсе,
29-шы шілде шаршы алаңға қайта шығады. Дәл осы күні Қамшыбек Қоңқабаев та
қарсыласымен кездеседі. Сәкен Бибосынов пен Нұрбек Оралбай және әйелдер
арасында Карина Ибрагимова 30-шы шілде күні рингке шығады. Ал, 31-ші шілде күні
баптары мен бақтары қатар жанса Махмұд Сабырхан мен Асланбек Шымбергенов
қарсыластарымен кездеседі. Назым Қызайбай 1/8 финалдан өтсе, келесі кездесуі
1-ші тамызға жоспарланған.

