«Қазақстан экономикасының даму динамикасы тұрақты» - ХВҚ
Халықаралық валюта қоры елдегі экономикалық өсімнің тұрақтылығын жоғары бағалап отыр. Премьер-министр Олжас Бектеновпен кездескен қордың Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Амина Лареш Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасының маңызы зор,-дейді. Сөзінше, қолға алынған бағдарламалар мұнай құнының төмендегеніне қарамастан экономикалық тұрақтылықты сақтауға ықпал еткен. Әрі спикер, ақша-несие саясатын оң бағалайтынын жеткізді. Ал, Олжас Бектенов Амина Лареш пен Халықаралық Валюта Қоры командасына реформаларды жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, Кездесуде талқыланған ұсыныстар мемлекеттік деңгейде қаралатынын айтты.

