70 миллион адамға дауылды ескерту жарияланды
АҚШ-та алапат дауылдан 5 адам қаза тапты. Жарақат алғандардың саны бұдан әлдеқайда көп дейді жергілікті билік өкілдері. Миссуриден Вирджинияға дейін 7 штатта электр бағаналары құлап, 3 мың адам жарықсыз қалған. Канзас штаты мен Нью-Йорктың солтүстігіндегі кейбір аудандардың жағдайы тіпті қиын. Мұнда қар қалыңдығы 45 сантиметрге жетті. Қазір ел бойынша 70 миллион адамға боран мен көктайғақ туралы ескерту жарияланып, 7 мың рейс тоқтатылды.

