Қазақстанда автоөндіріс үлесі 57% жетті
Автоөндіріс
отандық машина жасау саласының негізгі қозғаушы күші. Қаңтар айында саладағы
автомобиль құрастыру үлесі 57% дейін жетті. Бұл туралы «Қазақстанның автокөлік
Одағы» мәлімдеді. Барлығы еліміздегі зауыттардан құны 149,1 млрд теңгенің 11 мың көлік құралы шықты. Бір жыл бұрынғы
сәйкес көрсеткіш 9 мың дана мен 101 млрд теңгені құраған. Салада жеңіл
көліктердің үлесі басым. Осы жылдың алғашқы айында 10 мың темір тұлпар жасалған.
Бұл былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% көп. Сонымен қатар Қазақстанда
жүк көліктері, автобустар, тиегіштер, жартылай тиегіштер мен өзге де техника
түрлері жиналады. Елімізде құрастырылатын барлық көліктердің 92% Қостанай
автомобиль зауытында тиесілі болса, 15% Алматыда шығарылған.

