176 мыңнан астам істі робот-сот орындаушылар атқарған
Енді 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі берешекті робот сот орындаушылар атқарады. Жарты жылдың ішінде бұл цифрлық жүйе 176 мыңнан астам істі орындап, бюджетке 3,5 млрд теңге пайда түсіріпті. Сәйкесінше, халық 900 млрд теңгесін үнемдеді. Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында айтылды. Осыдан-ақ, саланың жылдам сандық жүйеге көшіп жатқаны білінеді. Жүгі қанша жеңілдесе де сот орындаушылардың да шешілмеген мәселесі шаш етектен.

