Оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгізіледі

Оқу бағдарламасына жаңа пәндер енгізіледі

Енді 5–7-сынып оқушылары «Конституция негіздерін» оқиды. Ал одан жоғары сыныптар «Заң мен тәртіпті» меңгереді. Оқушылардың құқықтық санасы мен сауатын көтеріп, азаматтық жауапкершілігін күшейту үшін мектептерге жаңа пәндер енгізіледі. Сонымен қатар, 5–11-сынып оқушылары «Жеке қауіпсіздік» деген сабақ, яғни, кибергигиена және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын меңгеруі міндет.