Президент халықаралық гимнастика ұйымдарының жетекшілерін қабылдады
Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі Гимнастика орталығы салынып жатыр. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев FIG және AGU ұйымдарының жетекшілерін қабылдады. Жаңа нысан елдегі гимнастиканың дамуына серпін бермек. Мемлекет басшысы аталған ұйымдардың Қазақстан гимнастика федерациясына көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауын жоғары бағалады. Әрі, еліміздің спорт саласын дамыту және ірі халықаралық додаларды өткізу бастамаларын қарастыруға дайын екенін растады.

