Жасанды интеллект туралы заң қабылданды
Қазақ тілі цифрлық коммуникация тіліне айналады. Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заңды қабылдады. Жаңа заңда жасанды интеллекттің этикалық қағидаттары алғаш рет заңдық деңгейде бекітілді. Ең бастысы – адам құқықтарының басымдығы. Қанша жерден ақылды болса да, жасанды интеллект ешқашан шешім қабылдайтын субъект бола алмайды. Барлық жауапкершілік адамға жүктеледі. Осы мақсатта арнайы Ұлттық платформа құрылады. Кез келген қазақстандық жүйенің қалай жұмыс істейтінін сұрап білуге, шешімін қайта қарауды талап ете алады. Немесе мүлде жасанды интеллектпен байланысудан бас тартуға құқылы.

