Жақсылық марафоны: Волонтерлар суықта тоңған тұрғындарға ыстық шай мен бауырсақ үлестірді
Астана жастары бүгін тағы
да көшеге шықты. Олар суық күні аялдамада тұрып жаураған жандарды жылытпаққа
асықты. «Игі іс марафоны» науқаны аясында қала тұрғындарына ыстық шәй мен
бауырсақ үлестірді. Айта кету керек, бұл марафон "Таза Тазақстан"
акциясы шеңберінде қолға алынған. Қайырымдылыққа біздің арнаның тілшілері де ат
салысып келді.

