Баррелі $90: мұнай бағасы қайта төмендеп келеді

Баррелі $90: мұнай бағасы қайта төмендеп келеді

Мұнай нарығында тағы да тұрақсыздық. Мәселен, бүгінгі саудада брент құны 5 пайызға құлдырап, баррелі 90 доллармен сатылды. Әйтпегенде, кеше ғана 2022 жылдағы жоғарғы межені көрсетіп, 111 доллар болған еді. Сарапшылар, бұған Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин арасындағы келісімнің әсері бар дейді. Яғни, АҚШ Үндістанға теңіздегі танкерлерде тұрған ресейлік мұнайды 30 күн ішінде сатып алуға рұқсат берген. Сондай-ақ, Сауд Арабиясы да шикізатты теңізбен емес, енді құрлықпен тәулігіне 5 млн тонна экспортауға шешім шығарған. Өйткені Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс кесірінен 90 пайызға жабылған Ормуз бұғасының ашылатын түрі жоқ. Ал бұл әлемдік мұнай саудасының 20 пайызы жүретін жері. Әрине, шикізат нарығының бұлай құбылуы қазір геосаяси ахуалға байланысты қалыпты жағдайға ұласып келеді. Ормуз бұғазының жабылуы Қазақстанға тікелей әсер етпейді. Оның үстіне Үкімет 2026-2029 жылдарға бюджетте баррелді 70 доллармен бекіткен. Блумберг агенттігі алдағы уақытта мұнай бағасы 120-130 долларға дейін жетеді деген болжам жасап отыр.