Қазақстандық зауыттар ТМД елдеріндегі үздік 10 автомобиль өндірушілердің қатарына кірді
Қазақстандық екі зауыт 2023 жылдың қорытындысы бойынша
ТМД аумағындағы үздік 10 жеңіл көлік өндірушілердің қатарына кірді. «ПромРейтинг»
сараптамалық агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, отандық компаниялар 130 мыңға
жуық көлік шығарған. Олар бірқатар шетелдік брендтердің жеңіл автомобильдерін,
жолаушы тасымалдаушы автобустар, жүк көліктері, реанимобиль, өрт сөндіретін, су
таситын, эвакуатор мен ауыр жүк машиналарын дайындаған. Айта кетсек, тек 2023
жылдың өзінде Қазақстанда 187 мың темір тұлпар сатылған. Ал автомобиль
құрастыру қарқынының өсімі өткен жылы 1,5% көрсетті.

