«Заң және бала: қатесіз болашақ» байқауы өз мәресіне жетті

«Заң және бала: қатесіз болашақ» байқауы өз мәресіне жетті

«Заң және бала: Қатесіз болашақ». Елордада осындай атаумен өткен шығармашылық байқау өз мәресін жетті. Оның мақсаты балалардың құқықтық сауатын ашу, заңға деген құрметін қалыптастыру. Мұндай шаралар жас ұрпақтың өз құқықтары мен міндетін түсініп, жауапкершілік пен әділеттілікке бейімдеуге бастайды. Бұл сайыс «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған. Астана қаласы, Сарырақа ауданының үздік  өнерпаз балаларын анықтайтын ерекше форматтағы байқауға 27 бірдей мектептің оқушылары қатысқан. Ал ақтық сынға арасынан үздік деп танылған 5 команда өтті. Олар сайысқа түрлі қойылымдар әзірлеп, бүгінгі қоғамдағы оқушылар арасындағы өзекті мәселелерді қамтуға тырысқан.