ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Сыр өңірінің тұрғындарымен кездесті

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Сыр өңірінің тұрғындарымен кездесті

Қызылорданы көк түтінмен улап жатқан  асфальт-бетон зауыты қала сыртына көшірілетін болды. Осылайша қаланың экологиясы жақсармақ. Бұл туралы еліміздің экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің Сыр өңіріне жұртымен өткен кездесуде айтылды. Аймақта қазір нақты жоспар бекіп, кешенді шаралар қолға алынып жатыр. Сондай қоқыс өңдеу мәселесіде қолға алынбақ.

Елімізде қоқыс полигондарына жыл сайын 6 миллион тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар төгіледі. Соның небәрі 20 пайызы қайта өңделеді. Ал, дамыған елдерде тұрмыстық қалдықтар 99 пайызға дейін сұрыпталады. Демек, қоқыстың өзін табыс көзіне айналдыруға болады деген сөз. Осы орайда, экология және табиғи ресурстар министрлігі тың бастаманы қолға алмақ. Ауқымды жоба инвестициялық қаржы көздері арқылы жүзе асады.

Сыр өңірінде тұрмыстық қатты қалдықтарды төгуге арналған 145 арнайы орын бар. Дегенмен, сол полигондардың тек 8-і ғана тиісті талапқа сай. Осының салдарынан жыл сайын экологиялық мәселе күрделене түсуде. Дегенмен жергілікті әкімдік аймақтар арасында алғаш болып инновациялық жобаларды қолға алып отыр. Вице-министрмен жүздескен өңір тұрғындары саладағы өзге де күрмеулі мәселелерді алға тартып, шешу жолдарын ұсынды.

Жалпы, жыл басынан бері Сыр өңірінде 227 мың тонна қоқыс жиналса, соның 30 пайызы ғана қайта өңделген. Енді инвестициялық жоба арқылы өңдеу көрсеткішін 70 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Тұрғындардың талабын тыңдаған министрлік өкілі әрбір ұсыныс зерделеніп, нақты шаралар қабылданатынын жеткізді.