Былтыр елде 1600-ден астам жемқорлық қылмыс жасалған

Былтыр елде 1600-ден астам жемқорлық қылмыс жасалған

Елімізде былтыр жемқорлыққа қатысты 1600-ден астам қылмыс әшкереленген. Соның ішіндегі 154 іске полиция қызметкерлерінің қатысы бар болып шықты. Көп жағдайда заңсыз әрекеттерге халықпен тығыз жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар мен көші-қон қызметкерлері және лауазымды тұлғалар баратын көрінеді. Саладағы бармақ басты көз қысты әрекеттердің алдын алу үшін Шымкентте арнайы жиын өтті. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, жүйеге ашықтық қағидаттарын енгізу мәселелері талқыланды.