Қазақстан мен Франция ЖЭК жобасын жүзеге асырады

Қазақстан мен Франция  ЖЭК жобасын жүзеге асырады

Қазақстан мен Франция Жамбыл облысында жаңартылатын энергия көздері бойынша ірі жобаны іске асыруға ниетті. Жел күшін пайдаланатын гибридті электр станцияны тараптардың арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласында ынтымақтастық туралы келісімнің аясында салу көзделіп отыр. Нысанның қуатты - 1 ГВТ баламалы энергия көзін өндіруге қауқарлы болмақ.  2022 жылы Парижде қол қойылған құжатты ел сенаты құптады. Оны мақұлдау  

БҰҰ жүйесі аясында климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы әмбебап халықаралық шарттарға қатысты Қазақстанның құқықтық міндеттемелерін іске асыруға септеседі дейді, депутаттар. Сондай-ақ жоба 820 млрд теңгеге жуық инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Ольга Булавкина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл жоба Жамбыл облысында жүзеге асырылады. Бұл өңірдегі желдің екпіні жоғары екені белгілі. Жобаға қатысты бастама көтеріліп, талқылау жүргізген кезде арнайы зерттеудер жасалды. Оның нәтижесінде аймақтың желдің күшімен қуат өндіруге аса қолайлы әрі осы ресурс бойынша әлеуеті жоғары деп танылды. Сонымен қатар елдің оңтүстігінде энергия тапшылығы сезіледі. Сол себепті энергетикалық қуатты арттыру мәселесі аса өзекті.

Сарапшылардың есебінше, жобаны іске қосу жыл сайынғы көмірқышқыл газының шығарындыларын кемінде 2 млн тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Нысанды салу үшін жалпы  аумағы 10 мың гектарға жуық жер қарастырылған. Онда жел турбиналары мен қуат жинақтау жүйесі орнатылады. Станцияны 2026-2027 жылдары қолданысқа беру жоспарланған.