Астана LRT атауы өзгереді: таңдау «Тарлан-Астанаға» түсіп тұр

Астана LRT атауы өзгереді: таңдау «Тарлан-Астанаға» түсіп тұр

Астана LRT атауы өзгереді. Бүгін елордада қалалық мәслихатында осы мәселе талқыланып, бірқатар ұсыныстар қаралды. Әкімдік берген ақпаратқа қарағанда, жерүсті жеңіл рельсті көліктің имиджін қалыптастыру үшін оның атауын өзгерту туралы шешім қабылданған. Таңдауға бірнеше атау ұсынылған. Мәселен, «Сұңқар», «Лашын», «Аспан» сынды нұсқалар болған. Алайда мәслихат мүшелері кеңесе келе «Тарлан-Астана» атауын жөн көріп отыр. Ономастика басқармасының түсіндірмесіне қарағанда, «тарлан» сөзінің өзіндік мән-мағынасы терең. Ол жаңа көліктің жылдамдығы мен заманауи сипатына сәйкес келеді. Оның үсітене LRT құрылыстың техникалық нұсқаулығы ғана. Астаналықтар 10 жылдан астам уақыт күткен Astana LRT 16 мамырда іске қосылды. Содан бері күніне кемі 70 мың адам пайдаланады. Рельс жолының ұзындығы – 22 шақырым. Астана әуежайынан «Нұрлы жол» вокзалына дейінгі бағытта 18 бекет бар. Пойыздар саны – 19.