Қазақстанда 2 ақпан – Ұлттық басылым күні

Қазақстанда  2 ақпан – Ұлттық басылым күні

Қазақстанда 2 ақпан – Ұлттық басылым күні.  Айтулы дата былтыр бекітілді. Оның өзінің тарихи мәні бар. Осыдан тура 111 жыл бұрын Орынборда «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі жарық көргені белгілі. Тұңғыш ұлттық басылымның бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлт мүддесін қорғап, халықтың ой өрісі мен сана-сезімін бөлек арнаға бұр білді. Қазақстандық баспасөз тілін қалыптастырудың қайнар көзіне айналды.  

Гүлсім Бейсенова, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының жетекші сарапшысы:

- «Қазақ газеті» сол кезеңдегі қазақ халқының бостандығы мен теңдігі үшін күрестің, мәдениетінің, тарихының, сонымен бірге күнделікті өмірінің айнасына айнала білді. ХХ ғасырдың басындағы Еуропалық үлгідегі ұлттық демократиялық мемлекет үлгісіндегі «Алаш Орда» үкіметінің үн қағазына айналды. Қазақ газетінің кәсіби стилін қалыптастыруда үлкен маңызды рөл атқарды.