Қазақстан мен Өзбекстан зиярат туризмін бірге дамытады

Қазақстан мен Өзбекстан зиярат туризмін бірге дамытады

Қазақстан мен Өзбекстан зиярат туризмін бірге дамытады. Екі ел осы саланы ілгерілетуге байланысты жол картасына қол қойды. Ол қос тарап арасындағы саяхаттаушылардың санын арттыруға мүмкіндік беретін туристік бағдарлама жасау және туристік компаниялар арасында ақпарат алмасуды қарастырады. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автобус рейстерінің санын ұлғайту үшін жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлінеді. Айта кетсек, көрші елдің салалық ведомствосының мәліметінше, 2023 жылы Өзбекстанға 1,5 млн адамға жуық зиярат етушілер барған. Олардың негізгі бөлігі көршілес – Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстаннан келген.