Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы басталды

Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы басталды

Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы басталды. Игі істі үлгі еткен шара ел бірлігін жарастыру және мұқтаж жандарға көмек көрсету қамында 2015 жыдан бері өткізіліп келеді. Жақсылықтың жаршысына айналған науқан әдеттегідей жыл соңына дейін жалғасады. Желтоқсан айында қайырымды іске атсалысып, қамқорлық танытқан жомарт жандар ерекше марапатқа ие болады.

Бұл ретте былтыр игі акция аясында 1 млрд 700 млн теңгеге қайырымдылық шаралары ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.

Марат Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Республикалық «Жомарт жан» атты  қайырымдылық орталығын құрдық. Қазір әр өңірде осындай орталықтар құрылып жатыр. «Жомарт жан» орталығы осы қайырымдылық керуенінің жобасын әрі қарай алып жүретін орталық. Әр өңірлерде мұқтаж, көмекке зәру болып жүрген талантты жастарымыз бар, олар да көмек қажет етеді. Тағы да апат болғанда, қолайсыз жағдайлар орын алып жатса осы қайырымдылық керуені аясында көмек көрсетілетін болады.