Пойызда алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімі жарияланды

Пойызда алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімі жарияланды

Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды? «Қазақстан темір жолы» вагон ішіне кіргізуге тыйым салынған заттардың тізімін жариялады. Бұл - жарылғыш заттар мен құрылғылар, пиротехникалық бұйымдар, яғни салюттер, фейерверктер. Радиоактивті, есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ тез тұтанатын сұйықтықтар мен химиялық қоспалар: мысалы, бензин, метил эфирі, метанол сияқты қауіпті заттарға қатаң шектеу қойылған. Сонымен қатар, пойызға өзіңмен бірге улы, күшті әсер ететін және уландырғыш заттар, жұқпалы ауру тудыруы мүмкін заттар мен оларды қамтитын бұйымдарды алып кіре алмайсың. Тізімде барлық түрдегі қару-жарақ, оқ-дәрілер мен патрондар бар.