Қысқы Олимпиада ойындарының кестесі шықты
Қысқы Олимпиада
ойындарының ресми кестесі жарияланды. Спорт додасы 6–22 ақпан аралығында
Италияның Милан және Кортина қалаларында өтеді. Ал ашылу салтанаты 6 ақпанға
белгіленген. Алдымен шаңғы жарысы мен мәнерлеп сырғанаудан медальдар сарапқа
салынады. Оған бізден 2 спортшы қатысады. Олар: Михаил Шайдоров пен Софья
Самоделкина. Жалпы сайысқа Қазақстан атынан 35 спортшы 10 спорт түрінен
қатысады. Қазір лицензия алу науқаны жүріп жатыр. Оның екеуі мәнерлеп
сырғанауда болса, 9-ы шорт-тректен, 12-сі конькимен жүгіруден болады. Қазақ
спортшыларының қатарында Германия, Нидерланды, Испания елдерінен келген
халықаралық деңгейдегі үздік 13 жаттықтырушысы бар бапкерлер командасы
дайындаған. Қысқы Олимпиадаға 93 елден 3 мыңнан аса спортшы қатысады деп
күтілуде.
Мейрамғазы
Сапарғалиев, ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі:
- Бұл жерде біз лицензиялық турнир болғандықтан лицензиялық жарыстарға
қаысып, осы елге жақын мемлекеттердегі жарыстарға қатысып, спортшылардың
дайындығын пысықтап жатырмыз. Бұл спортшылардың физиологиясынан бастап, бүкіл
медициналық дайындығына дейін бағалап, жай-күйін тексеріп отырады

