Көшпенділер ойындарының тарихы мен тағылымы

Көшпенділер ойындарының тарихы мен тағылымы

Көшпенділер ойындары спорт шараларымен шектелмейді. Байрақты бәсекеде көшпелі халықтардың бай мәдени мұрасы мәшһүр етіледі. Бұл - ел үшін ұлттық бірегейлікті нығайтып, сол елдің әлемдік аренада салт-дәстүрлері мен өнерін дәріптеуге үлкен мүмкіндік. Оның үстіне түркі халықтарының түрлі ойындарының тарихы мен тағылымы өте көп.