Бұқаралық спортқа мән беру керек
Елімізде бұқаралық спорттың дамуын шектейтін бірқатар мәселелер бар. Депутат Дәулет Тұрлыхановтың айтуы бойынша, білім беру мекемелерінде дене шынықтырумен шұғылдануға арналған материалдық-техникалық база әлсіз. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жеткіліксіз. Білікті мамандар, әсіресе, жаттықтырушылар жетіспейді. Өңірлерде олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға мүлдем көңіл бөлінбейді. Спорт мектептері тапшы. Бұл ретте депутат спорттық іс-шараларды қаржыландыру процестерін толығымен цифрландыру және қаражаттың мақсатты пайдаланылуына онлайн-бақылау жүйесін енгізуді ұсынып отыр.
Дәулет Тұрлыханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Президент бұл саланың белсенді дамуынсыз Халық денсаулығы мәселелерінде ілгерілеуге қол жеткізу мүмкін еместігін ерекше атады. Айтарлықтай салынған қаражатқа қарамастан, спортқа жұмсалатын шығындардың тиімділігі төмен. Елімізде спортты қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 300 млрд теңгені құрайды, алайда бұл қаражат қанағаттанарлық нәтижелерге әкелмей отыр.

