Олимп тұғырына шыққан спортшылар елге оралды

Олимп тұғырына шыққан спортшылар елге оралды

Олимпиада жеңімпаздарының тағы бір легі елге оралды. Қола жүлдегерлер Ислам Сәтбаев пен Александра Ле және спорттық гимнастикадан күміс медаль иегері Нариман Құрбановты жұрт Алматы әуежайынан қарсы алды.

Бірнеше күннен бері Алматы әуежайы абыр-сабыр. Жұрт олимп тұғырына шыққан жерлестерін көруге көптеп жиналуда. Бұл жолы жүзден жүйрік шығып, күміс медальға ие болған Нариман Құрбанов пен қола жүлдегер мергендеріміз туған жерге табан тіреді. Спортшылардың көзінен толқу байқалады. Өйткені Париж төріндегі қуаныш бөлек. Ал, ел ортасына келіп, құрмет-қошеметке бөлену ерекше әсер.