Президент Елордадағы спорт нысандарын аралады
«Менің де немерем футбол ойнайды». Бүгін Президент жас спортшылармен кездесуде осылай деді. Болашақ футболшылар мен теннисшілер, боксшылардың арманы қандай? Олар мемлекет басшысына не деді? Қандай армандарын айтты?
Бекзат Саттарханов атындағы жаңа спорт кешені жеке
инвестицияға салынған. Биыл пайдалануға берілді. Мұнда түрлі спорттық шаралар
мен халыққа арналған сауықтыру іс-шаралары өтеді. Нысанда футзал, волейбол,
баскетбол алаңдары, сондай-ақ жекпе-жек залдары бар. Мемлекет басшысы бұқаралық
спортты дамыту үшін мұндай кешендердің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, жас
боксшылармен әңгімелесіп, олардың келешекте әлем, олимпиада чемпиондары болуына
тілектестік білдірді.

