Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте бесінші орында
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингтен бесінші орын
алды. Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған тізімінде біздің спортшы қыз 48
келі салмақ дәрежесіндегі үздіктердің қатарында. Бұған дейін осы тізімде
төртінші болған ол Париждегі олимпидадан кейін бір сатыға түскен. Десе де,
дарынды спортшы биыл өзі қатысқан турнирлердің бәрінен жүлдемен оралды. Әуелі
Португалиядағы Гран-при мен Бакудегі Grand Slam-де қола жүлдегер атанды. Одан
кейін Анталиядағы Grand Slam-де қола, ал Ташкенттегі Grand Slam-де күміс медаль
жеңіп алды. Соның арқасында олимпиадалық рейтингіде 5 мың 778 ұпай жинады.

