Бәйгеден V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу өтті

Бәйгеден V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу өтті

Бәйгеден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды. Павлодар қаласында бәйгеден іріктеу өтті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 90-нан астам тұлпар қатысты. Жарыс бәйгенің 4 түрі бойынша болды. Құнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйге. Жалпы жүлде қоры 24 млн 900 мың теңге.

Еске салайық, 8-13 қыркүйек аралығында елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады.