Көшпенділер ойындары: 3 бүркітші ақтық сынға жолдама алды

Көшпенділер ойындары: 3 бүркітші ақтық сынға жолдама алды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында төрт күн бойы Астананың «Қазанат» атшабарын дүбірге бөлеген көкпар ойындары бүгін мәресіне жетті. Ал, 10 елден келген құсбегілер іріктеу кезеңін қорытындылады. Ертең дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтеді.

Қазақстан құрамасының 3 бүркітшісі ақтық сынға жолдама алды. Қаршыға мен ителгі баптағандардың да аяқ алысы жақсы. Саятшылар сайысының финалы ертең өтеді. Жалпы бұл жарысқа 10 елден 42 құсбегі келген. Ал, Қазақ елінің атынан сайысқа 9 құсбегі қатысып жатыр.