Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы анықталады
Енді 2 сағатқа жетер-жетпес уақыттан соң «Қайраттың»
чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болады. Бір анығы - Алматыға
топ-клуб келеді. Ол Мадридтің Реалы, Барселона, Манчестер Сити, Бавария немесе
ПСЖ болуы мүмкін. Еске салайық, жалпы кезеңге шыққан 36 команда рейтингіне
қарай 4 топқа бөлінген. Әр клубқа әлгі 4 топтан екі командадан қарсылас
атанады. Яғни «Қайрат» та жалпы кезеңде 8 матч өткізеді. Жеребе тарту рәсімі
Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

